Атырау-Астрахан тасжолында жол апаты орын алды

Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

3 шілде күні сағат 21:30 шамасында Атырау-Астрахан тасжолы 617-шақырым тұсында маркасы Priora және Toyota Camry автоколіктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан Priora автокөлігі толықтай өртеніп кеткен. Toyota Camry автокөлігінің 2 жолаушысы әр-түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ