Қала әкімдігінен білгеніміздей, «Мұнайшылар» мәдени-сауықтыру кешені болып келген нысан бұған дейін мұнайшыларға тиесілі болған екен, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
1958 жылғы ғимарат (суретте) осыдан тоғыз жыл бұрын Құлсары қаласының әкімдігінің теңгеріміне берілген. Содан бері толық қуатында пайдаланылмай келген. Биыл жергілікті әкімдік күрделі жөндеу жүргізуді қолға алған. Жобалық құны 187 млн теңгеге бағаланып отыр.
Ал, аудандық жастар ресурстық орталығы уақытша жергілікті музейдің көрме залына орналасыпты.
«Жаңа орталықта кино қарайтын бөлме, теннис залы, ақпараттық орталық болады деп күтілуде. Түрлі интернет-жобалар мен бизнес-бастамаларды дамытуға мүмкіндік тумақ» дейді аталған орталық басшысы Әлібек Амандықов.
Айта кетейік, бүгінде ауданда 20 мыңнан аса жас болса, оның 15 мыңы – Құлсарының өзінде тұрады.
Серік КАБДУЛОВ, Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: Даниял АМАНГЕЛЬДИЕВ