Өңірде есіркті жарнамасы бар 230 граффити жойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. Қазіргі таңда есірткі сатушылар синтетикалық заттың көптеген сайттарын жарнамалау мақсатында сатудың түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап табуда. Көптеген адамдарды әлеуметтік желілерде есірткі затын тасымалдау мен жұмыс істеу туралы ұсыныстар түссе немесе айналасындағылардың біреуі заңсыз әрекетке қатысса, не істеу керектігі қызықтырады. Сол себепті еліміз үшін қоғамда заң үстемдігін насихаттап, өскелең ұрпақтың салауатты өмір сүру қағидаттарын дамытып, нығайтуға үлес қосу өте маңызды.
Осы мақсатта, қала аумағында Атырау облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы мен Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, жастар мен еріктілердің қатысуымен есірткі құралдарын жарнамалау жүзеге асырылатын сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша бірнеше рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Сондықтан полицейлер есірткі заттарының граффити - жарнамасына куә болған адамдардан "102" операторының пультіне немесе 98-21-55 (Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы), 27-03-92 (Облыс әкімдігінің білім басқармасы) Сенім телефондары арқылы дереу хабарлауды сұрайды.