1 мамыр - "Қазақстан халқының бірлігі" мерекесіне орай, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Атырау қаласының аймағындағы 2 501 мүгедектігі бар балаларға бір жолғы әлеуметтік көмекпен қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту бөлімі мәлім етті. Мүгедектігі бар балалардың әрқайсысына 7,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 27 690 теңге беріліп, барлығы 69 252 690 теңге біржолғы әлеуметтік көмек бөлінді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ