Нұрсаяда жол апаты орын алды (+ВИДЕО)
Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
30 маусым сағат 13:00-де Нұрсая мөлтекауданында №11 мен 10 көшелерінің қиылысы тұсында Toyota Land Cruiser және Opel автокөліктері соқтығысты.
Салдарынан басты жолда келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігіндегі жолаушы жасөспірім мен Opel жүргізушісі түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайлары бірқалыпты.
Осы ретте, полицейлер жүргізушілерді жай жылдамдықпен жүруге шақырады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ