Құлсарыда жаппай төбелес болды (+ВИДЕО)
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Құлсары қаласында 1 тамыз күні сағат 03:00 шамасында 2003-2004 жылдары туылған бірнеше азамат өзара сөзге келіп қалған. Нәтижесінде 2004 жылы туылған азамат түрлі дене жарақатын алған. Құқықбұзушылыққа жол берген барлық азамат анықталып, ұсталды. Сондай-ақ, үш күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігімен, яғни, "Денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын салу" және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен, яғни, "бұзақылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ