Ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты (+ВИЕДО)

Жаз мезгілі басталғалы облысымызды қиып өтетін республикалық маңызы бар тас жолдарда автокөлік жүру қарқындылығы көбеюде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жазғы демалыс уақытын Маңғыстау облысының теңіз жағасында өткізу үшін облыс тұрғындарынан бөлек көрші мемлекеттерден де көптеген қонақтар қатынауда.

- Күні кеше ғана Маңғыстау облысы аумағында тас жолда 10 адамның қаза болуымен ірі жол көлік оқиғасы орын алды. Жол жүріс қатысушылары назарына жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізуде. Облыс аумағында көлік қарқыны өсуіне байланысты өзіңізбен өзгенің өміріне мұқият болып, жылдамдық режимін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз,-деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары полиция капитаны Алмас Закариев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ