Біраз атыраулықтың өмірін қиған... (+ВИДЕО)

Атырауда қауіпті жол анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда жыл басынан тасжолдарда 28 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Басым бөлігі Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 40-80-шақырымы тұсында орын алады екен.

"Басты мәселе - жылдамдықты асыру. Облыстық полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция қызметкерлерінің түсіндірме жұмыстарына жүргізушілер назар аудармайды. Жыл басынан бері жылдамдықты асырған 8 мыңнан аса дерек тіркелген" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ