Атырауды көк түтін қаптады... (+ВИДЕО)
23 наурызда сағат 12:51-де Атырау қаласы Шакиров көшесі тұсында Перетаска каналының жағалауы бойында қамыс өртенді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім еткендей, тілсіз жау саяжай учаскелеріне көшіп, салдарынан бір жазғы үй және шаруашылық құрылыс (сарай, тауық қора, жылыжай) бөліктері бүлінді. Барлығы 1,5 гектар аумақты қызыл жалын шарпыды. Өрт сағат 15:37-де толықтай сөндірілді. Оған 53 адам мен 12 техника жұмылдырылды.
Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Болжам бойынша, саяжай учаскесінде қоқысты өртеу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ