Атырауда шетелдіктер жол ережесін бұзды (+ВИДЕО)

“Мигрант” іс-шарасы барысында Атырауда жол ережесін өрескел бұзған 3 шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласы аумағында қызмет көрсетілетін аумақта тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шет елден келушілермен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Іс-шара барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 23 маусым күні 1 күнде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 3 шетелдікті анықтады.

Атап айтқанда, Құрманғазы көшесі бойында маркасы ВАЗ -21043 автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында 1975 ж.т көлік жүргізушісі, яғни, Өзбекстан Республикасының азаматы медициналық куәландыру нәтижесінде жеңіл дәрежелі мас күйде екендігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама жасақталды. Жинақталған іс-құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, мамандандырылған соттың шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар, өзге екі шетелдіктің жеке басын анықтайтын құжаттарының болмауына байланысты Атырау қаласы полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

Осы ретте, өңірімізге келуші шетел азаматтарынан еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын бұзбауларыңызды ескертеміз.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ