Астана күніне орай "Барыс-Арена" мұз сарайында қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" ХІ республикалық турнирі өтті деп хабарлайды ATPress.kz.
Республикалық дәстүрлі турнирде қызылордалық Мақсат Исақабылов "Қазақстан Барысы" атанды. Екінші орынды маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов еншілесе, үшінші орын жамбылдық Ғалымжан Қырықбайға бұйырды.
Жеңімпаз балуан 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяққа» ие болды. Екінші орын иегеріне 5 млн. 500 мың теңге, қола жүлдегерге 1 млн. 800 мың теңге табысталды.
Айта кетейік, бұл сында Атырау облысының екі палуаны өнер көрсетті. Олар - Закарияев Сұңғат (лақап аты: Байғана, Қазақ күресінен спорт шебері) пен Нұржан Байбосынов (лақап аты Абдуллах, Қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер).