1 наурыз – криминалист қызметкерлер күні

Атырау облысы Полиция департаменті криминалистика қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. "Тарихы өте тереңнен бастау алатын Қазақстанның криминалистикасы егемен елмен бірге дамып, уақыт өткен сайын тәжірибе жинап келе жатқаны сөзсіз. Криминалистердің қылмыстық істерді жүргізудегі жұмыстары өте ауқымды. Ол ұрлық та, кісі өлтіру оқиғасы да болуы мүмкін. Іс жүргізудегі дәлелдемелер криминалистердің жұмысының нәтижесінде табылады. Бұл мамандық иелері көзге көрінбейтін іздерді тауып, оларды салыстырып, мұқият зерделеп, көптеген қылмыс фактілерінің бетін ашуға көмектеседі. Криминалистің жұмысы асқан мұқияттылықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бірде-бір дәлел, кішкене детальдің өзі көзден таса болмауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда олар «көзге көрінбейтін майданның» жауынгерлері" деп атап өтті департамент басшылығы.