Бұл қадамға барған азаматтарды бейнебақылау камералары арқылы Атырау қаласында қолға түсірген, деп хабарлайды ATPress.kz
Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) баспасөз қызметі хабарлағанындай, оқиға таяу күндері орын алған. Сағат шамамен 19.00-де белгісіз адамдар УГ-157/9 түзеу мекемесінің (ерлер түзету колониясы) қоршауынан ішіне ұялы телефон салынған пакетті лақтырып жібереді. Лақтырып жатқан кезі бейнебақылау камералары арқылы тіркеуге түскен, бұдан соң пакеттің ішінен ұялы телефон, қуаттағышы мен құлаққап алынған.
Осыдан кейін кейін күдіктілер жедел түрде «ВАЗ-2114» автокөлігіне отырып, қала маңына қарай жөнелген. УГ-157/9 түзеу мекемесінің қызметкерлері полиция басқармасына автокөліктің мәліметтерін жолдап, ақырында, бірнеше сағат өткен соң, әлгі жігіттер қолға түскен.
ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолға түскен азаматтар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 481 – бабы («Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру») бойынша жауапкершілікке тартылған. Айта кету керек, осындай заттарды лақтыруға әуес келетін азаматтар көптеген жағдайда түремнің қоршаумен қойылған бейнебақылау камераларына түсіп қалады, қаланың көшелерінде тұрған камералардың да назарынан тыс қалмайды. Осы камералардың түсірілімдеріне қарап, заңбұзышлардың жүрген бағыты анықталады.
«Талдау көрсетіп отырғанындай, бұндай заңсыздыққа көптеген жағдайда бұрын сотталған, өзге абақтыда жазасын өтеген, жергілікті жерді жақсы білетін, жазасын өтеп жатқандармен байланысын үзбегендер барады», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Видеоны ҚАЖД ұсынды
Фото редакция архивінен алынды