Бүгін Атыраудың қай аумағында маса улайды?

Бүгін кешке алдын ала белгіленген арнайы кесте бойынша аланың қай аумағында маса улау жұмыстары жүзеге асатыны белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress.

"AG Dezinfection Services" ЖШС-нің өндіріс жөніндегі орынбасары Гүлсара Ходжибекова бұл туралы  Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялқ қызметінің алаңында өткен брифингте айтты.

«Кешкі сағат 21:00-ден соң қаланың бірқатар шағынаудандары мен көшелерінде маса улау жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, «Авангар-1, 2, 3», Жеңіс саябағы, Ақ депо, Қара депо, Маслопром, «Балықшы», Сауда базасы, Сырым Датов, «Жилгородок», «Рахат», химпоселок, З.Қабдолов, Элеваторный, Құттығай батыр, Водников 1, 2 аумақтарындағы үйлер дәріленеді», - деді Г.Ходжибекова.  

"AG Dezinfection Services" ЖШС қала ішімен қатар, «Бірлік 1, 2», Көкарна, Водников, Ширина, Ақжайық, Жұмыскер елді мекендерін де масадан улау жұмыстарымен айналысады.  

Ходжибекованың айтуынша, маса улау препараттары жыл сайын ауыстырылып тұрады. Мәселен, қазір бригадалар фосЛАДин, фослад 50, антиинсект, мистин деген препараттармен дәрілеуде. Ал олардың адам денсаулығына зияны бар-жоқтығын алдын ала зертханада тексерілген соң ғана қолданылады.

Қазір қала аумағын дәрілеуге 25 арнайы маман жұмылдырылған. Оның 20-сы дезинфектор. Сондай-ақ, 6ветрогенератор газель, 5 салқын тұман шығаратын генератор, 3 ыстық генератор және 10 бүрку техникасы бар.

 Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласын масадан улау үшін 50 миллионнан астам теңге бөлінген.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА