«Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз»

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты сесиясында көтерілген мәселелер және Мемлекет басшысының баршамызға қойған міндеті елдің бірлігі мен ынтымағы маңызды екенін алға тартқан болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сондай-ақ, ол Ассамблеяның жастардың идеологиялық тәрбиесін айрықша назарда ұстайтынына тоқталды.

- Президенттің «Ал ұлттық толеранттық, өткен заманның дәстүрлеріне және түрлі мәдениетке деген құрмет, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді білу – Қазақстан азаматтарына тән қасиеттер» деген сөзіне толық қосыламын. Ол Ассамблеяның этносаралық коммуникация орталықтарын дамытумен және осындай жаңа орталықтар ашумен айналысатынына, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдап, еріктілерді және жергілікті бірлестіктерді ынталандырумен шұғылданатынын атап өтті.

– Біз, Қазақстан халқы, өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек. Біздің идеологиямыздың тірегі – мемлекетіміздің тәуелсіздігі. Ең бастысы – дұрыс сөйлеп, жақсы ниет білдіру ғана емес, нақты жұмыс істеп, игілікті іске күн сайын күш жұмсау. Бізге бос сөз емес, нақты іс керек. Оқыту-тәрбиелеу үдерісінде «Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз», «Қазақстанның халқы біртұтас» деген қағидаттар көрініс табуға тиіс. Бұл – мызғымас әрі берік қағидаттар. Мемлекеттік саясаттың басты өзегі және жалпыұлттық бірегейлікті нығайтатын негізгі фактор – бірлік, – деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сенбіліксіз-ақ аулалар мен көшелерді абаттандыру қажеттігін атап өтті. Бұл менің де ойымда көптен бері жүр еді. Расында, бала күнімде көктемде әр сенбі сайын үй мен мектеп ауласын, көшені көркейтуге үлес қосатын едік. Бұл тәжірибеге қайта оралу керек деп ойлаймын. Мұндай игі іс – Отанға деген сүйіспеншіліктің қалыптасуына ықпал етеді. Осы тұста балаларды шығармашылыққа баулу арқылы тәрбиелеудің дұрыстығын да қосар едім. Сондай-ақ шағынаудандарда мәдени-демалыс орталықтарын құрып, соның негізінде өскелең ұрпақтың бойына дұрыс құндылықтарды қалыптастыра аламыз, - дейді «Светоч-Атырау» славян этномәдени бірлестігі төрағасының жастармен жұмыс жөніндегі орынбасарыТатьяна ЛАВРИНЕНКО-КАПУОВА.