Атырауда әкелер күні аталып өтті

Керемет саябағында қала тұрғындарына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жиында қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов дәстүрлі түрде аталып өтетін мерекенің маңызына тоқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

- Әке деген ұлы есім, жыл сайын көптеген елдерде әкелердің құрметіне осы мереке атап өтіледі. Асқар тауының тәрбиесін көріп, асыл қасиеттерін бойына сіңіріп өскен ұрпақ ешқашан қор болмайды. Бұл күн- Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Ғасыр дертіне айналған кеселден аулақ болуға шақырамын,-деді Н.Ермұханов

Шарада әкелер мен балалар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, жазғы лагерь қатысушылары мен суретшілер өз өнер көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды.