22 Қараша, 2022 147

Атырауда жоғалған тұрғындар табылды

 Атырауда жоғалған тұрғындар табылды

Балық аулауға кеткен екі адам табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлады. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 20 қараша күні 19:32 сағаттан бастап,  Атырау қаласы Дамбы ауылдық округі Каспий теңізінің жағалауынан 1999 ж.туылған және 2001 ж. туылған ер адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Олар 20 қараша күні 09:00  сағатта Каспий теңізіне қарай Құрсай ауылынан моторлы қайықпен балық аулауға шығып және кері оралмаған. Іздестіру жұмыстарына облыстық ТЖД,  ПБ және туысқандары қатысты. 21:25 сағатта нәтиже болмай, қараңғы түскен соң құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын тоқтатты. 21 қараша 11:25  сағатта туысқандарының көмегімен жоғалған адамдар табылды.

Ал, 20 қарашада 19 қараша күні сағат 09:00-де Құрманғазы ауданы Ниетбай ауылынан 8 км қашықтықта орналасқан "Сасықтау" учаскесі шаруа қожалықтардың бірінен 1982 ж. туылған азаматша  мал іздеп, белгісіз бағатқа  кеткен күйі оралмаған. Бұл туралы іздестіру-құтқару жұмыстарына шақырту түсті.  20 қарашада ол қожалықтан 15 км қашықтықтан табылды.