Баймұханов көшесін басына көтерді (+ВИДЕО)

Атырауда түнгі уақытта арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын орнатқан жүргізушілер анықталуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

2 тамыз күні М.Баймұханов көшесі бойында Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған Honda маркалы автокөлігінің арнайы дыбыстық сигналды заңсыз орнатқан күйде көлік басқарғаны анықталды. Аталған көлік құралының 1996 ж.т. жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 603-бабы 2-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім табу үшін Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Сондай-ақ, Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері түнгі кезекшілік барысында 31 шілде күні Б.Құлманов көшесі бойында көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл және көк түсті арнайы жарық сигналдарын орнатқан Kia Rio автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде артқы мемлекеттік белгісі жоқ күйінде және жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағандығын анықтады. Көлік құралдары қағидаларын бұзған 21 жастағы көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 1-бөлімі (көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтанатын бейімдеме құрылғыларды, арнайы талаптарға сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату), 590-бабы 2-бөлімі (мемлекеттік тіреку нөмірі белгілері жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгілі тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару) және 593-бабы (қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдаланы қағидаларын бұзу) деректеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралы айып тұрағына қойылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ