Оннан астам жасөспірім біреуін тепкінің астына алып, үстіне секірген видео желіде желдей есуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Анықталғандай, оқиға Атырау қаласында 18 маусымда түнгі мезгілде орын алған. Бейнежазбадан бір жасөспірімнің оңбай таяқ жеп жерде жатқанын көруге болады. Ұрып-теуіп жатқандардың бірі тіпті үстіне де секіруден тайынбайды. Төбелес туралы хабар полицияға түнгі сағат 01.30-да келіп түскен.
"Барлығы 13 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның 11-іне беймезгіл уақытта заңды өкілсіз жүргені үшін, ал, екеуіне ұсақ бұзақылық бойынша хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Ал, ата-аналарға түсініктеме жұмыстары жүргізілді" делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
БЕЙНЕЖАЗБАНЫ ОСЫ ЖЕРДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗ!
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ