Жыл соңында аудан әкімінің қолдауымен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қуантып, қайырымдылық іс жасау мақсатында “Армандар орындау шыршасы” атты шара ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осы орайда, балалардың шыршаға жазып қойған арман-тілектерін орындау мақсатында аудан әкімі бастаған топ олардың тілектерін 2025 жылы орындауға уәде берген еді. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аудан әкімі Азамат Мәмбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен кент, округ әкімдері, аудандық қорғаныс істері бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық дербес бөлім басшылары және аудандағы мекеме басшылары балаларды қуантып, олардың арман-тілектерін орындады. Аудан әкімі өз сөзінде балаларға қамқорлық жасау - мемлекеттің саясатының ажырамас бөлігі болып табылатындығын айтып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қашанда қолдау көрсететіндігін жеткізді. Өз кезегінде армандарының орындалғанына қуанған балалар мен олардың қамқоршылары ризашылықтарын білдірді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ