Атыраулық полицейлер тарапынан жол белгілері бойынша нұсқамалар берілуде.
Атырау облысы Әкімшілік полиция басқармасы тарапынан облыс аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қозғалысы кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы орган өкілдеріне бірқатар нұсқамалар мен ұсыныстар жолдануда. Осы ретте, атыраулық полицейлер тарапынан
Атырау қаласы аумағына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта Береке ауылында орналасқан білім беру ұйымы тұсына жасанды жол кедергілері және бейне бақылау камералары орнатылды.
Жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз іске асырыла бермек.