Құлыбаев қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП президиум мүшелеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Құрметті әріптестер! Бүгіннен бастап мен "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Маған сенім білдіргені үшін съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне алғыс айтқым келеді. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын басқару мен үшін сегіз жыл бойы үлкен құрмет пен жауапкершілік болды"делінген үндеуде.

Сонымен қатар, ол қатардағы сарапшылардан бастап аудандық филиалдардың басшыларына дейінгі "Атамекен" ұжымының бірлескен мазмұнды жұмысы үшін айрықша ризашылығын білдірді.