Жылыой ауданында жоғалған 9 жасар баланың денесі судан табылды, деп хабарлайды ATPress.kz
«Бүгін, 27 сәуір күні сағат 06:38-де, Жылыой ауданындағы Құрсай каналынан, ТЖД сүңгуірлерінің күшімен 9 жасар баланың денесі су бетіне шығарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол кеше кешке қарай суға батып кеткен», делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше жоғалып кеткен 3 сынып оқушысын іздестіру-құтқару жұмыстары басталған болатын.