Алмагүлде оқыс оқиға орын алды...

Атырау қаласындағы Алмагүл ықшамауданында оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бүгін, яғни, 23 мамыр күні сағат 11:30 шамасында 1994 жылы туған азаматша жоғары қабаттан құлап, қаза тапты. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, оқиғаның нақты себебі суицид па, басқа ма әзірге белгісіз екен. Бар белгілісі, марқұм жүйке аурулары бойынша есепте тұрған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ