Қазақстан қауіпсіздіктің ең жоғары жаһандық стандарттарын қамтамасыз ету үшін ең заманауи технологиялары бар жаңа буындағы АЭС құрылысын қарастыруда.
АЭС осындай түрлерін пайдаланудың әлемдік тәжірибесі ешқандай тәуекелдің болмауын көрсетеді.
Қазақстанда АЭС салу энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды шешім болып саналады.
Балқаш көлінің жағалауындағы жоба еліміздің бірнеше өңірінде энергия тапшылығын болдырмауға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. АЭС электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге көмектеседі.
Бұл елдің мүддесі мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келеді.
Қалыптасып кеткен халықаралық тәжірибеге сәйкес, АЭС құрылысын МАГАТЭ және WANO секілді беделді халықаралық ұйымдар бақылайды, бұл қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.
Қазақстанда АЭС салуға мердігерді таңдау экономикалық негізділік, технологиялық сенімділік, экологиялық қауіпсіздік және халықаралық стандарттарға сәйкестікке негізделетін болады.
Жоба ұлттық ядролық энергетиканы дамытуға және жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Бұл мәселе саяси емес, таза коммерциялық болып табылады және таңдалған компания немесе компаниялар тобы станцияның жұмыс істеуіне қатыспайды, тек құрылыспен айналысатын болады.
Қазақстанның ғылыми институттары да, жоғары білікті мамандары да бар. Сонымен қатар, АЭС пайдалану үшін кадрларды белсенді даярлау жалғасуда. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында атом саласы үшін кадрлар даярлау қазақстандық жоғары оқу орындарында 5 білім беру және екі дипломдық бағдарлама (Ядролық физика, ядролық инженерия, ядролық физика және атом энергетикасы, теориялық ядролық физика) негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан шетелдік әріптестермен ғылыми-білім беру базасын дамытуда. Тәжірибе алмасу және кадрлық әлеуетті арттыру үшін Франция, Ресей және Венгриямен бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес орта есеппен екі блокты АЭС салу 8 мыңға дейін адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, ал АЭС пайдалану кезеңінде жоғары және арнаулы орта білімі бар шамамен 2 мың адамнан тұратын персонал қажет. Бұл ретте ядролық мамандықтар бойынша білімі бар станция қызметкерлері жалпы персоналдың шамамен 20%-ын құрайды.
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері белсенді дамып келеді, олардың тиімділігі әртүрлі факторлардың үйлесуіне байланысты. Электр желісінің тұрақтылығы үшін көмір және атом станциялары сияқты сенімді тұрақты базалық көздер қажет. АЭС құрылысы электр энергиясының тапшылығын қысқартуға, тарифтердің өсуін тежеуге, экологияны жақсартуға және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізудің сенімді тәсілі, өйткені көмір станцияларының экология мен адам денсаулығына әсері теріс. Атом энергетикасы барлық параметрлердің, соның ішінде электр энергиясының құны бойынша оңтайлы таңдау болып табылады.
Сонымен қатар, атом энергиясы отын импортына тәуелділіктің төмендеуіне ықпал етеді, бұл электр энергиясының бағасын бақылауда ұстауға көмектеседі. Ұзақ мерзімді перспективада АЭС пайдалану шығындары салыстырмалы түрде төмен, бұл да тарифтерді тұрақтандыруға ықпал етеді.
Балқаш көлінің маңында құрылыс алаңын таңдау кеңестік кезеңнен бері қарастырылып, қазір ірі халықаралық ұйымдармен бірлесіп, кеңесу арқылы жүзеге асып жатыр. Оңтүстік аймақ елдегі ең ірі электр энергиясын тұтынушылардың бірі болып табылады, бірақ сонымен бірге өзінің генерациялау қуаты бойынша тапшы болып қала береді. Алматы облысында АЭС салу өңірді тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, бұл тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өнеркәсіпті, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.
2023 жылдың күзінде МАГАТЭ мамандары Балқаш көлінің маңында АЭС құрылысына кедергі келтіретін факторлар жоқ екенін тағы да растады.
Көмір және газ станцияларының экология мен халықтың денсаулығына әсеріне байланысты тұтынудың өсуін, ескі станциялардың тозуын және көмір мен газ көздеріне үнемі енгізілетін халықаралық шектеулерді ескере отырып, жаңа шешімдерді енгізудің маңызды қажеттілігі туындайды.
Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерінің тұрақсыздығы оларды негізгі деп санауға мүмкіндік бермейді, бұл ЖЭК-ке сүйену өнеркәсіптік өсудің төмендеуіне және экономикалық проблемаларға әкелген көптеген елдердің тәжірибесімен расталады.
Атом энергетикасы сапалы және тиімді энергиямен қамтамасыз етудің тұрақты және "жасыл" нұсқасы ретінде қарастырылады. Жаһандық трендтер мен Өзбекстан сияқты көрші елдердің үлгісі жағдайында АЭС құрылысы энергетикалық дамуда тәуелділік пен артта қалушылықты болдырмау үшін Қазақстан үшін өзекті болып отыр.
Қазақстан уран қоры жөнінен дүние жүзінде екінші орында және ол дүние жүзіндегі қордың шамамен 14%-ын қамтиды. 2009 жылдан бері Қазақстан әлемдік өндірістің 40%-ға жуығын өндіріп, уран өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады.
Елімізде 900 мың тоннадан астам уран бар, бұл атом электр станцияларын алдағы ұзақ жылдар бойы отынмен қамтамасыз етеді.
Міне сондықтан да халықаралық сарапшыларында осындай қоры мен ғылыми әлеуеті бар Қазақстан неліктен әлі күнге дейін АЭС салмай жатыр деген сұрақ туындайтын.
Қуаты 1 гигаватт болатын АЭС шамамен 50 текше метр радиоактивті қалдықтарды құрайтын 1 - 1.5 миллион халқы бар қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Бұл ретте ЖЭО қуаты 200 - 300 мың тонна болатын қалдықтарды шығарады. Осылайша, АЭС көмір станцияларымен салыстырғанда қалдықтарды айтарлықтай аз шығарады, бұл оларды барынша экологиялық таза энергия көзіне айналдырады. Көмір станцияларынан айырмашылығы, АЭС қалдықтарды ауаға шығармайды, бұл көмірқышқыл газы мен бөлшектер сияқты зиянды заттардың шығарындыларын айтарлықтай азайтатынын айта кету керек.
АЭС қалдықтары олардың түріне және технологиясына байланысты сақталуы не қайта өңделуі мүмкін. Мысалы, пайдаланылған ядролық отын қалдық болып саналмайды, өйткені оны қайтадан энергия көзі ретінде пайдалануға болады.
Болашақта арнайы реакторлар аса қауіпті радиоактивті элементтерді жоя алады, бұл қалдықтарды азырақ қауіпті етеді. Бұл үшін термоядролық синтез технологиялары қолданылуы мүмкін.
Осылайша, қалдықтар халықаралық стандарттар бойынша қайта өңделеді және сақталады, бұл қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді. Қазақстанның ядролық материалдармен жұмыс істеу бойынша үлкен тәжірибесі бар және барлық қауіпсіздік шараларын сақтайтын болады.
Қазіргі АЭС-тегі апаттың ықтималдығы 10 миллион жылға біреуден кем, ал көмір станцияларында тәуекел 80 есе жоғары. Қазіргі АЭС-терде радиациялық ағып кетуге жол бермейтін қорғаныс қабықшалар бар.
Қоршаған ортаға және денсаулыққа күтілетін әсер белгіленген нормалардан едәуір төмен болады, сондықтан АЭС пайдалану табиғат пен адамдарға теріс әсер етпейді, бұл әлемнің әртүрлі аймақтарында АЭС жақын тұратын халықты үнемі зерттеу және бақылау арқылы дәлелденген.
Қазақстанда АЭС салу Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің берік негізін, елдің жаңа өнеркәсіптік және технологиялық деңгейге шығуының елеулі іргетасын қалайтын болады.
Сонымен қатар, "жасыл" атом энергиясы біздің бизнесімізге "лас" энергияны пайдаланғаны үшін айтарлықтай айыппұлдардан қорықпай, сыртқы нарықтарға сенімді түрде шығуға мүмкіндік береді, бұл біздің өнеркәсіптік әлеуетіміздің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетер еді.
Мұның бәрі мультипликативті әсер әкеледі, жұмыс орындарын ашады, инфрақұрылымды жақсартады, шығарындыларды азайтады және электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, АЭС аймақтың, оның инфрақұрылымының, соның ішінде жолдардың, мектептер мен ауруханалардың құрылысының қарқынды дамуына ықпал етеді.
АЭС орналасқан жері осы аймақтағы электр энергиясының тапшылығымен анықталады. АЭС, көмір станциялары сияқты, салқындату үшін суды қажет етеді, оны Балқаш көлінен алу жоспарлануда.
АЭС-тің айналасында жиі күнделікті өмір салтына кедергі келтірмейтін қолайлы жағдайлар жасалады; мысалы, Тайвань, АҚШ-тағы Монтиселло және Дюк Энерджи АЭС-терінде сияқты салқындатқыш тоғандарда балық өсіріліп,оларды аулау бойынша турнирлер өткізеді.
Сонымен қатар, АЭС пайдаланылған суды Балқаш көліне тастамайды.
Балқаштан келетін салқындатуға арналған су көлдің табиғи булануының 0,32% ғана құрайды. АЭС-те қолданылатын су реактормен тікелей байланыста болмайды.
Қазақстан ядролық технологияларды әлемдік жеткізушілердің
6 технологиясының техникалық-коммерциялық ұсыныстарын, оның ішінде американдық Nuscale Power (Nuscale реакторы) компаниясының және американдық-жапондық General Electric-Hitachi (BWRX-300 реакторы) компаниясының шағын модульдік реакторларын қарастырды. Жапондық компаниялардан басқа ұсыныстар түскен жоқ.
Қазақстандағы алғашқы АЭС үшін пайдаланудың оң тәжірибесі бар тексерілген реакторларға артықшылық берілді. Әлеуетті жеткізушілердің «шорт-тізіміне» CNNC (ҚХР, HPR-1000 реакторы), «Росатом» (РФ, ВВЭР-1200 реакторы), «KHNP» (Оңтүстік Корея, APR-1400, APR-1000 реакторлары) және «EDF» (Франция, EPR-1200 реакторы) компаниялары кірді.
Сонымен қатар қазіргі уақытта шағын модульдік реакторлар референттік емес, яғни оларды пайдалану тәжірибесінің жоқ екенін атап өткен жөн. Үлкен қуатты реакторлардан айырмашылығы, перспективалы аз қуатты реакторлардың көпшілігі құрылысқа рұқсат алу үшін реттеуші органдардың мақұлдауын алу сатысында не лицензиялау процесінде. Алғашқы осындай реакторларды пайдалануға берудің жақын күні 2030 жылдан бұрын күтілмейді.
Осыған байланысты бұл шағын модульдік реакторлар әлеуетті жеткізушілер тізімінен шығарылды.
Фото: ru.freepik.com