Алдағы ауа райы белгілі болды

«Қазгидромет» 2-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, күнтізбе бойынша көктемнің алғашқы күндері болса да, елдің солтүстік жартысында ауа райы әлі қыстағыдай болып тұр. Мұның себебі – белсенді Атлантикалық циклонның ойпаты және оған байланысты суық атмосфералық фронттар, республика бойынша жауын-шашын мен қар түрінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасынмен ұйытқыма желге ауысып қалың жауын-шашынға ұласады. Бұл туралы «Айқын» газеті жазады.

Жауын-шашынсыз ауа райы оңтүстік аймақтарда тек 2 наурызда  ғана сақталады, содан кейін ол аймақта да ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, жылымық қар), тауларда тұман түседі, көктайғақ болады.

«Суық фронттардың әсерінен ҚР солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 10-20-ға дейін аяз, ал оңтүстік жартысында түнде аяз  7-2  дейін төмендейді деп күтілуде»  делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Ерлан Алтыбаев