Қазақстандық мектептерде «Қаржылық сауаттылық пәні» енгізілуі мүмкін

Бұл туралы  Парламент Сенатының депутаты  Евгений Больгерт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Атырау қаласында өтіп жатқан үшінші республикалық құрылтай аясында ұсынды.

Депутаттың мәліметінше, соңғы жылдары Қазақстандағы интернет алаяқтық қылмысы 10 есеге  дейін өскен. Ол қазақстандақы мектептерде қаржылық сауаттылық пәнін енгізуді ұсынды. 

«Халықтың төменгі қаржылық сауаттылығы әлі де төмен. Жүргізілген зерттеу азаматтардың басым бөлігінің қаржылық сауаттылық туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден алады. Ал, кейбіреулері тіпті, бұл тақырыпта ізденбейді. Қазіргі уақытта біздің жастарымыз қарқынды цифрландыру, жасанды интеллект сынды атомдық жылдамдықпен даму дәуіріндегі қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Осындай мәселелерге төтеп беретін заманауи мектептер керек», - деді халық қалаулысы. 

Баян Жанұзақова