Атырауда автобус жанып кетті (видео)

Доссор-Құлсары тасжолында автобус өртке оранды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бүгін, 13 маусым күні сағат 10:17 –де Мақат ауданы,  Доссор-Құлсары тас жолының 27 шақырымында Құлсары қаласына бағыт алған автокөлік жанып кеткен.  

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, тілсіз жауды ауыздықтауға «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС-нің 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан 2018 жылы шығарылған «Yutong» маркалы автокөлігі толық жанып кетті. Төтеншеліктер өртті бір сағатқа жетпей сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Абырой болғанда, автобус ішінде жолаушылар болмаған. Жүргізуші дін-аман.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА