Атырауда аналар марапатталды

Ел Президентінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі №524 Жарлығымен Атырау қаласы бойынша 47 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мемлекеттік наградаларды қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов табыстады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Нәзіктік пен қайсарлықты бір бойына жинаған аналарымызға ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өнегелі істері үшін алғыс білдіремін. Бұл отбасылардағы ұл-қыздардың еліміздің нағыз патриоты боларына сенімім мол. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарымыз аман болсын!,- деді Н.Ермұханов.

Жиында «Күміс алқа» иегерлері алдағы уақытта «Алтын алқаға» да қол жеткізетіндерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ