Теңіз кенішінде жұмысшы қаза тапты

Жылыой ауданында адам өліміне соқтырған еңбек қағидаларын бұзу фактісі тіркелді, деп хабарлайды ATPress.kz

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.

«12 маусым күні  сағат 17.00 шамасында «Теңіз» кенішіндегі зауыттардың бірінің аумағында орналасқан үйілмелі топырақ қасында 1987 жылы туған жүршізушісі, сол мекеменің 1992ж.т. қызметкерін, «Шахман» жүк тасымалдау автокөлігімен басып кеткен. 1992 ж.т. жұмысшы оқиға орнында қаза тапты», делінген атартылған ақпаратта.

- Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп ақпараттандырды полиция департаментінің баспасөз қызметінен.