Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
«18 маусым күні 16:00 шамасында Доссор-Құлсары тас жолында Toyota Camry автокөлігі автобус көлігіне соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», делінген мәлімдемеде.
Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.