Атырауда жекеменшік балабақша өртенді

Бүгін "Зейнеп-Амина" жеке балабақша шатырынан өрт шықты. Өрт болжаммен тоқтың қысқаша тұйықталуы салдарынан,деп хабарлайды ATPress.kz

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жыл 12 ақпанда сағат 15:46 - да Нұрсая ықшам ауданы Габдиев көшесінде орналасқан 1 қабатты балабақшасының өртеніп жатқаны  туралы хабар түскен.

Шақырту орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары жеткен кезде, балабақшаның төбе жабындысының толық ашық отпен жанып жатқаны және ғимарат ішінде 13 баланы (жастары 3-5 жаc аралығында) 3 тәрбиеші далаға шығарғаны анықталды. Қаза болғандар мен зардап шегушілер жоқ.

Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 25 жеке құрам жұмылдырылды, 3 оқпан жұмыс жасады. Өрт сағат 16:15 минутта оқшауланып, 16:23 минутта толықтай жойылды.


ATPress.kz