«Әлем таныған Республикам менің»

Бүгін Әл-Фараби атындағы Binom мектеп-лицейінде Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлем таныған Республикам менің» атты әдеби сазды кеш өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әдеби сазды кеште BINOM мектеп-лицейінің оқушылары М.Мақатаевтың «Отан туралы», Ж.Нәжімеденовтің «Менің елім», Қ.Аманжоловтың «Туған жер», С.Мәуленовтің «Менің Республикам» атты патриоттық өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы мектеп кинозалында оқушыларға «Мәңгілік жаса, қыран елім, Қазақстаным!» атты бейнебаян көрсетілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында кітапханашы Айман Мұханова викториналық ойындар ұйымдастырып, белсенділік танытқан оқушыларға кітапхана атынан естелік сыйлықтарды табыстады.