«Атырау Жарық» тоқ қуатын арттырды

Бұдан бөлек, қызметтік көліктер жаңартылып, «АНГСТРЕМ-3» электротехникалық лабораториясы сатып алынған. Бұл туралы Атырау Энергокешені ұйымдастырған пресс-турда «Атырау Жарық» АҚ президенті Мейірбек Ғұбашев мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Былтыр Жылыой ауданындағы №145 «Қаратон-2» ПС-110/35/10 кВ станциясы қайта жаңартылған.

- 1986 жылы пайдалануға берілген электр станциясы өнеркәсіптік кәсіпорындарды, Теңіз вахталық қалашығын, сондай-ақ «ТШО» ЖШС базаларын, асханаларын және басқа да құрылымдық нысандарды электрмен жабдықтауға арналған. Модернизация нәтижесінде ОРУ-110 кВ құрылғылары ауыстырылды. Оның жаңа элегазды ажыратқыштары жоғары сапалы көрсеткіштермен ерекшеленеді, - деді М.Ғұбашев.

Сонымен қатар, 32 ТП/КТПН нысаны модернизацияланып, ұзындығы 39,48 км ВЛ-10/06/0,4 кВ сымдары СИП түріне ауыстырылған. Жұмыс барысында трансформатор пункттері қалалық трансформаторлық пункттермен алмастырылған. Нәтижесінде, перспективті электр қуатын қосу мүмкіндігі 71%-ға артқан.