Қазақстан Президенті тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллингпен күрес күшейтілетінін айтты

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс. Ашығын айтсақ, қоғамда қатігездік күшейіп барады. Біреуге тіл тигізіп, ар-намысын таптап, тіпті, ұрып-соғуға дайын тұратындар аз емес.

Жедел жәрдем және қоғамдық көлік жүргізушілеріне шабуыл жасалғанын білесіздер. Адамға әлімжеттік көрсету, қорлау дұрыс емес. Мұндай теріс әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. «Ауруын жасырған өледі». Сондықтан біз осы қоғамдық дертті жасырмай, ашық айтуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда заң үстемдігі болуы қажет. Ең бастысы, біз мейірімді әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

"Тағы бір кесел - вандализм. Мың жылдық тариихи ескерткіштерді, көшелердегі аялдамаларды, ойын алаңдарын бүлдіріп жатқандар бар. Оларды қиратудың қандай қисыны бар? Бұл тәртіпсіздік, мәдениетсіздік. Өркениетті елдің әр азаматы қоғам мүлкін өзінікіндей қорғау керек. Жапония, Оңтсүтік Корея, Сингапурда жағымды мысалдар көп. Содан үлгі алу керек. Соңғы кесел - ырысапшылдық. Миллиондаған адамның ысырапшылдығы ел абйлығын желге ұшыруда. Суды үнемдеуде қалыптасқан дәстүр жоқ. Бұл аса маңызды мәселе. Елімізде су тапшылығы пайда болды. Рухани ысырпашылдық та бар. Үнемшіл, ұқыпты болсақ, ел берекесі арта түсер еді», - деді Мемлекет басшысы.