Call-орталығында "1309" нөмірі іске қосылды

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығының тәулік бойы жұмыс істейтін 1309 телефон нөмірі іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Осы уақытқа дейін тұрғындар қалалық 98 02 92 телефон нөмірі арқылы өтініш білдірсе, енді тәулік бойы хабарласа алады. Түскен өтініштер бойынша операторлар тәулік бойы жауап береді. Қала және ұялы телефон нөмірлерінен кіріс қоңыраулар тегін.

Сондай-ақ қазіргі уақытта «Қазақтелеком» мамандары ұялы байланыс операторларының барлық провайдерлерімен, яғни Active, Tele-2, Beeline, Altel, KCell және т.б желілермен байланыс орнатуда. Аталған желілерге қосылу жұмыс күні аяқталғанға дейін жүзеге асырылады деп күтілуде.

Возможно, это изображение текст