Балықшыда не болған? (+ВИДЕО)
Мемлекеттік рәмізді пайдалану тәртібін бұзған автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
20 мамыр күні сағат 12:44 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Сергек бейнебақылау жүйесі арқылы Балықшы мөлтек ауданында мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін бұзған маркасы ВАЗ 2115 автокөлігін байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Аталған автокөлік уақытылы тоқтатылып, 2004 ж.т. жургізушісіне ҚР ӘҚБтК 458-бабының 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу» бойынша хаттама жасақталды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ