Атыраулық таэквондошылар Францияда жеңіске жетті

Францияның Монтаржи қаласында 30 маусым мен 2 шілде күндері таэквондодан ересектер арасында халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сәуле Сардарова бастаған Атырау облысының әйелдер құрама командасы "2nd Solidaritys Center Senior G1 Open" турнирінде 3 алтын және 1 қола жүлдеге ие болды.

49 келіде Нұрай Бауыржанова, 57 келіде Мария Севостьянова және 67 келіде Нұрай Хусайнова жарыс жеңімпазы атанды. Ал 46 келіде Айдана Еділбаева үздік үштікті түйіндеді.

Сонымен қатар, жақында ғана Түркия елінің Анкара қаласында өткен халықаралық рейтингтік "Turkish open G-2" турнирінде Севостьянова Мария қола жүлдегер атанды.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА