Елімізде 220 мыңнан астам педагог 50%-ға дейін қосымша ақы алады

 Қазақстанда 350 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, деп хабарлайды AtyrauPress Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. 

Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жылда педагогтердің жалақысы 100%, яғни, екі есеге артты. Сонымен қатар 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30% көбейді.