Атырау-Индер тасжолында не өртеніп жатыр? (+ВИДЕО)

Индерлік полицейлер дала өртін өшірді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ауа райының күрт ысуы немесе адами факторларға байланысты орын алатын дала өрті қоршаған ортаға қауіпті. Бүгін Атырау-Индер тасжолының бойында жол жиегіндегі көгалдың өртенгені анықталған. Аталған аумаққа өрт сөндірушілер келгенше өрт аумағы ұлғайып кетпеуі үшін Индер аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері күрекпен өрті ауыздықтаған. Өрттің шығу себептерін анықтап, жол жиегін бақылау үшін аудандық төтенше жағдайлар бөліміне хабарланды.

"Құрметті тұрғындар! Дала өртінің алдын алыңыз, куә болған жағдайда міндетті түрде құзырлы органдарға хабарлаңыз!" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ