Бүгін, 9 маусымда Жем ауылдық округінің Қараша елдімекенінде қызыл жалын шарпыған аумақ 5 гектарға жетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сағат 13:45-тегі жағдай бойынша өрт әлі ауыздықталмаған. «Атырау-Жарық» АҚ тілсіз жаудан 15 электр бағаны өртеніп кеткенін анықтады.Қазір Қойсары, Аққұдық, Тасшағыл елдімекендерінде жарық өшкен. Өрт сөндіруге 2 техника мен 10 адам жұмылдырылған, оның жартысы – еріктілер" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ