Өткен тәулікте 82 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
11 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 752 адам коронавирус инфекциясынан (–1 573+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 622 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.