Атырау маңында жасөспірім суға батып кетті

Кәмелетке толмаған белгісіз жағдайларда суға батып кетті.  Құтқарушылар іздеуді жалғастырады, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.

Бүгін түнгі сағат 1:40 Атырау қаласының Ақжар ауылында адам суға батып кетті деген шақыру келіп түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар белгісіз жағдайларда 2010 жылы туған бала жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткенін анықтады.

Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері шақыру орнында таңертеңге дейін су асты-іздеу жұмыстарын жүргізді.

"Таңғы 6:30-дан бастап іздеу жұмыстары жалғасуда. 16 құтқарушы, 4 бірлік жүзу құралдары және 4 техника жұмылдырылды. Құрметті ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз",-деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Аружан Ажимкулова

Фото freepik