Апатты екі үйдің тұрғындары жаңа пәтерге көшіріліп жатыр

Былтырдан бастап қалада бюджет есебінен сатып алынған үйлерге 81 отбасы қоныс аударды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

"Нақтырақ айтқанда, Стаханов көшесі №3а, Азаттық даңғылы №76 үй, Байжігітов көшесі №76 үй, Бейбітшілік даңғылы №64 үйдің  тұрғындарына «Samal Town», «LATIFA», «Modern city» тұрғын үй кешендерінен баспана берілді. Қазір Қожақаев көшесі №1 және Дружба №12  үй тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізілуде", - деді қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Жолдасова. 

Айта кетейік, жаңа пәтерлер жөнделген дайын күйде табыс етіледі. Сондай-ақ, меншік құқығын растайтын құжаттармен қоса беріледі.