Атыраулық жігіт жеңгесінің жатын бөлмесінің терезесін сындырған

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құқық бұзушы Е. 2024 жылдың желтоқан айында түнгі уақытта алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде ағасының үйіне келіп, жеңгесіне балағат сөз айтып, жатын бөлмесінің терезесін сындырып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзған. Бұл туралы Исатай аудандық соты мәлім етті. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот қаулысымен Е. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ