Атырау қалалық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Р.-ға берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Біз Атырау қалалық сотынан мәселенің анық-қанығын сұрастырып білген едік. Талап қоюшы А. жауапкер Р. арқылы Қытайдан тауарларға тапсырыс беріп, оларға Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлем жасаған. Жауапкер тауарларды екі апта ішінде жеткізіп беретінін айтып, уәде берген. Алайда, жауапкер тауар мен ақшаны қайтармай, қаражатты 60 күннің ішінде қайтарып беремін деп қолхат жазып берген.
Соттан талап қоюшы жауапкерден берешекті өндіріп беруді сұраған. Істі сотта қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өзара келісімге келген. Келісім шарттары бойынша, жауапкер Р. талап қоюшыға берешек және сот шығындары есебінен өзара келісілген сома 2 948 000 теңгені кестеге сәйкес төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы талабынан бас тартты.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: Kaspi.kz