Атырау қаласында жаға ұстатар жайт орын алды...

Атырау қаласының №2 сотында кәмелетке толмағанды өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін жеткізгені үшін айыпталғанға қатысты қылмыстық ісі қаралды (ҚК-тің 105-бабының 3-бөлігі), деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2023 жылдың қараша айында сотталушы өзінің кәмелетке толмаған баласына қатыгездікпен қарап, оны өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін жеткізген. Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, кәмелетке толмаған куә мен іс бойынша куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық, қосымша кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен өз дәлелін тапты. Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады. Бұл туралы біз Атырау қаласының №2 сотынан білдік. Сотталушының жазасы мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушы тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігінің негізінде түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: "2GIS"