Қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айының басталуына 30 күн қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ораза айының кестесіне сәйкес, қасиетті Рамазан айының бірінші күні наурыздың 1-інен басталып, 29 күнге созылады. Қадір түні наурыз айының 26-27 күндеріне, ал ораза айт наурыздың 30-ына сәйкес келеді. 

Сонымен қатар, Құрбан айт мейрамы 6-8 маусым аралығында тойланады.

Діни басқарма Рамазан айы басталмай тұрып, өткен жылдағы қаза болған ораза күндерін толықтыру керегін ескертті. 

Фото freepik