1 ақпан күні сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген, деп забарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті. Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды.
Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізілуде.