7 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Шалқар көлінің жағасында Ресейден келген 40 жастағы турист әйел мерт болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы. Олардың мәліметінше, қайғылы оқиға найзағай жарқылдап, күн райы бұзылған кезде болған. Ресейлік әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
"Сарыөмір ауылдық дәрігерлік амбулаториясының кезекші бөліміне 7 шілдеде сағат 17:13-те шақырту келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен фельдшер медицина қызметкерлері келгенге дейін әйелдің көз жұмғанын тіркеді. Өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік 7 шілдеде БҚО-да дауыл соғып, қатты жел ағаштарды құлатты, бірнеше үйдің шатырын жұлып әкетті, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды.